Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Бейсенбі, 05 желтоқсан, 17:20

Қазақстанда жедел жәрдем қызметінің жұмысы өзгереді

05.02.2023

439

0

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі «Жедел медициналық көмек көрсету, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жедел жәрдем бригадасына алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіби дайындық курсынан өткен қызметкер қосылды. Ол науқастарға қосымша көмек көрсете алады.

100 мыңнан астам тұрғыны бар моноқалаларда әкімдіктердің шешімі бойынша дербес жедел жәрдем станциялары ұйымдастырылады. Бұл ретте қарқынды терапия дәрігерлер бригадаларының саны бригадалардың жалпы санының кемінде 25%-ін құрауы керек.

Айта кетейік, қазір елімізде 1500-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді, оның 18%-і арнайы бригадалар.

Сондай-ақ жедел жәрдем станцияларына медициналық ақпараттық жүйелердегі деректерді қарауға рұқсат беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: