2025 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда сот жүйесінде жаңа кезең басталды — кассациялық соттар ресми түрде іске қосылды. Бұл реформаның мақсаты — сот актілерінің заңдылығы мен әділдігін күшейту, сот тәжірибесінің бірыңғайлығын қамтамасыз ету және азаматтардың әділ сотқа қолжетімділігін арттыру.
Негізгі ерекшеліктер
Үш кассациялық сот: азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерге арналған. “Үздіксіз кассация” қағидаты бойынша барлық шағымдар қаралады. Істі қарау үшін кемінде үш судьядан құралған алқа бекітіледі, қарау мерзімі – 6 айдан аспайды.
Жоғарғы Сот енді тек стратегиялық маңызды немесе прецеденттік істерге ғана араласады.
Пайдасы
1. Әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етеді — құқық бұзушылықтарды тексереді.
2. Сот тәжірибесінің бірыңғайлығы — прецеденттерді бақылайды, заң нормалары біркелкі қолданылады.
3. Қолжетімділіктің артуы — азаматтар үшін кассацияға жол ашық.
4. Жоғарғы Соттың жүгі жеңілдейді — стратегиялық істерге назар аударуға мүмкіндік береді.
Кассациялық сот реформасы Қазақстан сот жүйесін жаңартудың маңызды қадамы болып табылады. Ол әділ сот төрелігін, заңдылықты және азаматтардың құқықтық сенімін нығайтады.
Жалағаш аудандық сот әкімшісінің
бас маманы Р.А.Аккасинов
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!