Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сәрсенбі, 01 мамыр, 14:06

Қазақстандағы мектептер жылдамдығы жоғары интернетке қосылады

26.02.2024

1158

0

Биыл елдегі орта білім беру ұйымдарын жылдамдығы жоғары және тұрақты интернетпен қамту 65%-тен 80%-ке дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство бұл шара оқыту үшін қолайлы жағдай жасауға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

«Мектептерде жоғары жылдамдықтағы интернетті қамтамасыз етудің бірнеше маңызды артықшылығы бар. Біріншіден, бұл оқушылар мен мұғалімдерге үлкен көлемдегі ақпарат пен білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, оқу процесі мен ой-өрісті кеңейтуге ықпал етеді. Екіншіден, жылдамдығы жоғары интернет түрлі онлайн-платформалар арқылы басқа мектептермен және білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасауға, коммуникацияны дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді», – деп мәлімдеді министрліктің цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.

Айта кетері, министрлік қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту, желілік қамтуды кеңейту, деректерді беру жылдамдығын арттыру және шалғай, тұрғыны аз аудандарда интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету сияқты түрлі шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: