Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Жексенбі, 14 сәуiр, 01:01

Қазақстанның басым бөлігінде боран соғады

09.02.2024

223

0

9 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Бұл туралы Казгидромет мәлім етті.

Қар аралас жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік өңірлерінде қатты жауын-шашын болады.

Синоптиктердің болжамынша, өңірлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда боран соғады.

Ақмола облысының шығысында сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, Абай облысының батыс және солтүстік, орталық аймақтарында, түнде Қостанай облысының оңтүстік және шығыс бөліктерінде жылдамдығы 30 м/с дейін қатты жел соғады деп күтіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: