Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Жұма, 03 мамыр, 20:55

Қоғамдық даму бөлімінің басшысы тағайындалды

09.02.2024

1483

0

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес аудан әкімінің өкімімен Еспенбет Жасұлан Ерданұлы Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жасұлан Ерданұлы, 1982 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары, «Заңгер», «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы «Таң-ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде хронометражист болып бастаған.

2004-2010 жылдары аралығында Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округі әкімі аппаратының маман-заңгері, жетекші маманы;

2010-2012 жылдары аралығында Жалағаш ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінде заңгер-кеңесші;

2012-2016 жылдары аралығында Таң ауылдық округінің әкімі;

2016-2017 жылдары аралығында Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы;

2020-2023 жылдары аралығында Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары;

2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымын абыроймен атқарып келді.

Жасұлан Ерданұлы бұған дейін де еңбек жолында бірқатар басшылық қызметтерді абыроймен атқарып, мемлекеттік қызметшінің іскерлігін шыңдайтын сатылардан өтіп, тәжірибе жинады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: