Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Жұма, 16 қаңтар, 15:20

Қысқы Олимпиада ойындарын қайдан тамашалауға болады?

16.01.2026

5

0

6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д-Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Төрт жылдықтың басты бәсекесін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрермен назарына ұсынады, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиада кезінде Корпорацияның арнайы түсірілім топтары дүбірлі додадан эксклюзивті хабар таратады.

Сонымен қатар «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналарынан күн сайын «Олимпиада күнделігі», «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде «Милан – Кортина 2026» студиялық бағдарламасы көрерменге жол тартады.

Ақ ойындарда 8 спорт түрінен 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазір ел спортшылары шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанаудан олимпиада жолдамасын иеленді.

Айта кетейік, қысқы Олимпиада тарихында тұңғыш рет жарыстарды ресми түрде қос қала қабылдайды. Италия төрінде 100-ге жуық елдің 3000 спортшысы өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр.

Қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты 6 ақпан күні өтеді. Спорттық іс-шараның ашылуы мен өзге де сайыстар «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «Jibek Joly» арналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: