Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Бейсенбі, 23 мамыр, 23:04

Қызылорда ерекше жандардың байқауы өтті

26.04.2024

295

0

Қызылорда қаласында мүгедектігі бар әйелдердің шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін анықтауға, ішкі әлеуетін дамытуға және олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне көмектесу мақсатында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастырумен «Нәзік жанның әлемі» атты шығармашылық байқау өтті. 
Қоғамда құрметтеуге лайық жандар жетерлік. Солардың арасында мүмкіндігі шектеулі болса да, әлемнің шексіз мүмкіндігін білсем, үйренсем дейтін азаматтар бар. Олар өмір үшін күресіп ғана қоймай, әр жетістікке, әр нәтижеге үлкен еңбек пен тынымсыз күрестің арқасында жетеді. Ал біздің қолымыздан келетіні сондай жандарға әр бастамаларына лайықты қолдау білдіріп ғана қоймай, еркін өмір сүруге қолайлы жағдай қалыптастыру. 
Байқауды Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жұмабекұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы төрағасы Сағатбек Қуанышбайұлы ерекше жандардың арасында да шығармашыл, талантты жандардың көп екенін айтып, алдағы уақытта басқа да жобалар жиі өтетінін тілге тиек етті. 
Байқауға 18 жастан асқан 20-дан астам ерекше нәзікжандар қатысты. Төрт кезеңді қамтыған сайыста қатысушылар таныстыру, өз өнері, қолөнер және сұрақты сындардан өтіп, үздіктері жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңімпаздар түрлі номинациялармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, оларға диплом мен алғыс хат табысталды. Байқау қорытындысымен І орынды Жүсіпова Раушан алса,  ІІ орынды Төлегенова Лаура, ІІІ орынды Боздақбаева Қымбат, Есмагамбетова Тұрсынкүл иеленді. 
Сондай-ақ, «Шығармашылық және өзіндік ерекшелігі үшін» номинациясын Бекетова Қадыркүл, Калменова Шұғыла, Қонырбаева Бахытнұр,  Ақмагамбетова Тамара иеленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: