Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 18:26

Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы Жалағаш ауданының тұрғындарын қабылдады

18.05.2023

250

0

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары барысында Жалағаш ауданының халқымен кездесіп, құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге жергілікті тұрғындарды қабылдады.

Азаматтардың құқықтарын қорғап, олардың өтініштері  мен ұсыныс-пікірлерін  жедел және сапалы қарау мәселесі полиция қызметіндегі маңызды бағыт.

Азаматтардың өтініштерін уақтылы қарап, оңтайлы шешімін табу халықтың полицияға деген сенімін арттыратыны белгілі. Бұл бағыттағы жұмыстар Қызылорда облысы полиция департаменті басшылығының үнемі бақылауында.

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы  полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы жұмыс сапары барысында Жалағаш ауданының тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдау барысында ауыл тұрғындарының өздерін мазалаған мәселелері бойынша сауалдары және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатындағы ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Жалағаш ауданы Мәдениет ауылының тұрғыны, аудандық полиция бөлімінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұржанов Болат Нұржанұлы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлын жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметіне сәттілік тіледі. Ардагер темірдей тәртіпті сақтап, ел тыныштығын сақтау жолында аянбай еңбек етуде полиция қызметкерлеріне жүктелер жауапкершілік жүгін арқалау да оңай емес екендігін атап өтті.

Жеке қабылдауға  шағым, ұсыныстарымен келген тұрғындарды Махсудхан Нұғманұлы мұқият тыңдап, заң аясында кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әр сауалды назарға алып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

​Департамент бастығы аудандық полиция бөлімдерін аралауды жалғастырды. Жалағаш ауданы көлемінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс барысын тексеріп, материалдық-техникалық базасын көрді. Жеке құраммен сөйлесіп, жас мамандармен пікір алмасты. Сонымен қатар,  жедел-қызметтік жұмыс көрсеткіштерін жақсарту, қызметтік тәртіпті бұзуға жол бермеу, халықтың полицияға деген сенім деңгейін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: