Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 22:12

Қызылорда облысында бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтылған

07.03.2023

109

0

Қызылорда облысында бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтылған Қызылорда облысы бастауыш сынып оқушылары толық деңгейде тегін тамақпен қамтылған өңірлер қатарында. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік және оқу процесін цифрландыру мәселелері қаралды.

Жиында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев республикадағы орта мектептерде бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысы туралы баяндады. Министр баяндама барысында  бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастыру мәселесіне тоқталып өтті. 

Еске салсақ, биыл Қазақстандағы бастауыш сынып оқушыларын 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтамасыз еті тапсырылды. Қазіргі таңда бұл тапсырма бірқатар аймақта жүзеге асып жатыр. Әсіресе, Қызылорда облысында бұл тапсырма толығымен орындалып, мектептегі бастауыш сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақ ішеді. 

Айта кетейік, Үкімет отырысынан соң Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-министрі берген тапсырмаларды пысықтау мақсатында жиын өткізіп, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету білім беру саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

334528821_919202079112241_240141815686918640_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: