Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:03

Қызылорда қаласындағы үздік мектеп анықталды

13.01.2023

755

0

Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі Қызылорда қаласындағы ең үздік мектепті анықтау мақсатында телеграм арна (https://t.me/qyzylordanews) арқылы оқырмандар арасында сауалнама ұйымдастырды. Нәтижесінде Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп оқырмандардың ең көп дауысын жинап, жеңімпаз атанды.

Әуелі, Қызылорда облысы білім басқармасының зерделеуі бойынша Қызылорда қаласындағы білім сапасы – ғылыми жобалар, халықаралық, республикалық олимпиадалар көрсеткіштері мен ҰБТ нәтижесі жоғары ТОП-10 мектептің тізімі жасалды. Солардың ішінен ең үздік мектепті анықтау мақсатында «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі телеграм арнасы сауалнама жариялады. Екі күнге созылған сауалнама 13 қаңтар сағат 18:00-дегі көрсеткіш бойынша қорытындыланды.

✔️ Нәтижесінде, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп 10345 дауыс (21%) жинап, көш басына шықты.

IMG_20230113_195800_807.jpg

✔️ Екінші орынға шыққан И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейі 9422 дауысқа (19%) ие болды. 

✔️ Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі 8200 дауыспен (17%) рейтингте үшінші сатыға жайғасты.

Сонымен қатар:

✔️  Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі – 5370 дауыс (11%)
✔️ Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебі – 3257 дауыс (7%)
✔️ С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық технология мектеп-лицейі – 3189 дауыс (6%);
✔️ Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі – 2689 дауыс (5%);
✔️ С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебі – 2661 дауыс (5%);
✔️ Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейі – 2292 дауыс (5%);
✔️ Б.Момынбаев атындағы №278 ақпараттық технология мектеп-лицейі – 1834 дауыс (4%) жинады.

Жеңімпаз атанған Абай атындағы ДБА мектептің ұжымын құттықтаймыз. Білім ошағына «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі жыл бойы ақпараттық қолдау көрсететін болады. Атап айтқанда, оқу ордасы жайлы сұхбат, репортаж, фоторепортаж, бейнеролик әзірлейді. 

Айта кетейік, ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген әр мектептің ұжымы біз үшін жеңімпаз, олардың еңбегі өлшеусіз. Десек те сайыстың аты сайыс. Осы орайда, біздің құрметті оқырмандарға үздік мектепті анықтауға атсалысқандары үшін мың алғыс айтамыз. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: