Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Сенбі, 05 қазан, 19:22

Қызылордада 20 бала бұрыш спрейінен уланып қалған

04.10.2024

160

0

Қызылорда мектептерінің бірінде бұрыш спрейінен уланған 20-дан астам оқушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 3 қазан күні қаладағы мектептердің бірінде оқушы бұрыш спрейін шашып, салдарынан 20-дан астам оқушы өзін жайсыз сезініп, ауруханаға түскен. Олардың барлығы іші және тамағы ауырып, жүректері айнып, ауыздарынан жағымсыз иіс шыққанын айтқан. Зардап шеккен балалардың жастары – 7-12 жас аралығы.

«Бұрыш спрейін қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген полиция хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: