Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Сейсенбі, 07 қаңтар, 15:34

Қызылордада алимент бойынша берешек адам букмекерлік кеңсеге бәс тігіп жүрген

05.01.2025

142

0

Қызылорда қаласының прокуратурасы алимент бойынша берешек кейбір борышкердің букмекерлік кеңселерде ақшаға бәс тігіп жүргенін анықтады.

Биыл 135 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 4 борышкер қылмыстық іс қозғалды.

– Балаға төленетін алименті бойынша берешегі бар бір борышкердің қарызы 5,2 млн теңгені құраған. Ол 2 млн теңгесін букмекерлік кеңседе ұтылған. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Алимент қарызы толық өтелді. Содан кейін жәбірленушімен татуласып, ақталмайтын негіздермен қылмыстық іс тоқтатылды, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында Жаңа жыл түнінде 7 қылмыс ашылды.

Облыс бойынша барлығы 472 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарда мас күйде болған 32, түнгі тыныштықты бұзған 21 адам жауапқа тартылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: