1990 жылы туған Гүлсая Қошқарбайқызы Шагирова «Ата-мекен 2021» тұтыну кооперативін құрып, азаматтарға пайызсыз баспана және автокөлік алуға шақырып, салымшылардан ақша жинаған. Нәтижесінде 11 салымшы 17,6 миллион теңгесінен айырылған.
Сот оны Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржылық пирамиданы құру) кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар, бес жылға бас бостандығынан айырды.
Жәбіршіленушілерге келтірілген шығын өтелді.
Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!