Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 13:25

Қызылордада «Sulpak» сауда үйі өртенді

07.06.2022

825

0

Қармақшы ауданы, Төретам кентіндегі «Сулпак» сауда үйі өртенді.

Оқиға 6 маусым күні сағат 23:51-де болған. Жалпы ауданы 758,8 шаршы метрді құрайтын сауда үйінің 275 шаршы метр болатын шатыры, төбе жабыны және тұрмыстық заттары толығымен жанды. Өрт сағат 00-ден 53 минут кеткенде оқшауланып, 01 сағаттан 15 минут өткенде толық сөндірілді.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында өрт сынақ зертхана жұмыстары тағайындалды. Шығыны анықталуда. Оқиға орнында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 10 қызметкер, 2 техника, Ресей Федерациясы №70 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 13 қызметкер, 4 техника өрт сөндіру жұмыстарын атқарды», деп мәлімдеді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: