Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сәрсенбі, 09 қазан, 11:40

Қызылордалық полицейлерге жаңа қызметтік автокөліктер берілді

06.04.2024

501

0

Кеше қызылордалық полицейлерге заманауи жабдықтармен жабдықталған 18 жаңа қызметтік автокөліктер берілді.

Су жаңа көліктер ел тыныштығын күзетіп, темірдей тәртіпті сақтап жүрген полицейлер қызметінің жеделдігін арттырып, облыстағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге септігін тигізбек.

Жаңа қызметтік автокөліктер Қызылорда облысы Полиция департаментінің гарнизондық жиыны барысында табысталды.Қызылорда қаласының «Тағзым» алаңында өткен шараға Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы қатысып, учаскелік полиция инспекторларына жаңа автокөліктердің кілтін табыс етті.

Бұл ретте барыс – келісі қиын шалғай ауылдардың учаскелік полиция инспекторларына басымдық берілді. М.Аблазимов көліктерді тапсырып, өңірдегі қауіпсіздіктің артатынына сенім білдірді.

Барлық автокөліктер заманауи арнайы техникамен, бейнетіркегіштермен және навигациялық жүйелермен жабдықталған. Бұл тәртіп сақшыларының жұмысын үйлестіруге және оқиға орнына келу уақытын азайтуға мүмкіндік береді.

«Бүгінде елімізде полицияның жұмысына барынша қолдау көрсетіліп, оңтайлы жағдай жасалуда. Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен автопарк отандық жаңа көліктермен толықты, барлығы да «Jac» маркалы автокөліктер. Олардың барлығы ішкі істер органдарының негізгі буыны – халықпен тікелей жұмыс жасайтын учаскелік полиция инспекторларына берілді. Бұл ең алдымен өңіріміздің шалғай ауылдарындағы криминогендік жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.Облысымызда бүгінгі күні қылмыс деңгейі айтарлықтай азайып, қазіргі уақытта өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты. Осы тұрғыда полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық жабдықтау – қылмыс санын азайтуға септігін тигізуде деп ойлаймыз» деді Қызылорда облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов.

Айта кетерлігі, облысымызда 262 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, оның 79 облыс орталығында. Жыл басынан олар 200-ге жуық қылмыстың бетін ашып, 6 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады.

Гарнизондық жиын барысында Департамент бастығы Махсудхан Нұғманұлы қызметкерлердің сыртқы түр-сипатын, үлгілік киімін, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуын жеке тексерді. Қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісетін полиция қызметкерлеріне облыстағы жедел жағдайдың жай-күйі туралы жеткізіліп, бағдарлар таныстырылды.

Жиын соңында департамент бастығы саптық бөлімшелердің командирлеріне тапсырма берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: