Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Сенбі, 11 мамыр, 10:49

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

21.06.2023

182

0

 21 маусымда еліміз аумағының басым бөлігі атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Соған байланысты жаңбыр мен найзағай сақталады. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында – бұршақ, дауыл, басым бөлігінде екпінді жел сақталады. Оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығыста, сондай-ақ шаңды дауыл күтіледі. 

Бұдан бөлек, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында, Қызылорда облысының батысында, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында өрт тұтанудың өте жоғары қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстік-шығысында, Алматы, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында өрт тұтанудың жоғары қаупі күтіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: