Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:35

Саясат Нұрбек: Жалған диплом сатып алғандарға жаза қатаңдатылады

14.02.2024

378

0

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жалған құжат пен диплом сатып алатындарға және оны сататындарға жаза қатаңдайтынынын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық кодекстің 385-бабына сәйкес, ресми құжаттарды, мөрлерді, қолтаңбаларды, лицензиялық құжаттарды қолдан жасағандар екі жылға дейін сотталады. Оны екінші рет қайталаған жағдайда, 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар жалған дипломдарды біле тұра сатып алған және қолданған азаматтар 40 күнге дейін бас бостандығынан айырылады немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыспен айналысуы мүмкін, – деді министр мәжіліс кулуарында.

Министр жалған диплом жасаушыларды құрықтау үшін Ішкі істер министрлігі және құқық қорғау органдарымен арнайы жоспар бекіткенін айтты.

Әр платформаларға қазір Ішкі істер министрлігі рейд жүргізіп жатыр. Осылайша заң бұзушыларды біз жазалауымыз керек. Біздің арнайы платформамызға 1991 жылдан бастап берілген бүкіл дипломды кіргізіп жатырмыз. Ол жұмыстар 2018 жылдан басталды. Қазір 3,5 млн диплом базада бар. Енді кез келген жұмыс беруші арнайы цифрлық қызмет арқылы дипломды тексереді. Әр дипломның жеке нөмірі және QR коды болады. Сол арқылы кез келген азамат сілтемеден өтіп, диплом жалған ба, жоқ па, соны тексере алады, – деді Саясат Нұрбек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: