Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сейсенбі, 19 наурыз, 12:31

Сайлау еркін әрі әділ өтті

20.03.2023

306

0

Еліміздің болашағын айқындайтын бұл саяси науқаннан біз, жастар да қалыс қалғанымыз жоқ. Мен де өз үміткеріме дауыс бердім. Сондай-ақ мен №131 сайлау учаскесінде Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірелестігінен байқаушы болып қатыстым. Сайлау барлық заңдылықтарға сәйкес өтті. Халық өз құқығын біледі. Өзінің Конституциялық құқын пайдалана отырып, ел болшағының негізін қалауға атсалысты. Бұл әрбір азаматтың ел болашағына немқұрайлы қарай алмайтындығын білдірсе керек.

Менің учаскемде ешқандай құқықбұзушылық орын алмады, оған негіз де болған жоқ. Дауыс беруге барлық жағдайлар талапқа сай жасалған, барлығы да ережеге сай өтті. Ең бастысы учаске бойынша дауыс берушілердің барлығы сайлауға келіп, қатысты. Екінші бір байқағаным, мерекемен қатар тұспа-тұс келгесін бе, сайлауға келуішілердің көңіл-күйі де жақсы болды.

Жансая Теңел,
Жалағаш ауданы жастарының
«Темірқазық» қоғамдық бірелестігінің
атынан байқаушы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: