Қазақстан аймақтарында 3 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен шығыста, орталықта, солтүстік-батыста және Алматы облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын сақталады, ҚР қалған аймақтарында жауын-шашынсыз болады.
Еліміздің батысында, оңтүстіктің таулы аудандарында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстіктің таулы аудандарында жел күшейеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!