Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 18:04

Сенбілік тазалыққа үндейді

22.04.2024

299

0

Өткен апта соңында Жалағаш кенті және ауылдық округтерде жаппай сенбілік жалғасын тапты. Сенбілік жұмыстарына аудан бойынша 145 мекемеден 1 800-ге жуық адам қатысып, 24 дана техника жұмылдырылды. Көшелер мен саябақтардағы қоқыстар тазартылып, қураған талдар кесіліп, аяқ су жүретін арықтар қураған жапырақтардан арылды. Жалпы 13 тоннаға жуық күл-қоқыс белгіленген орындарға шығарылды.

Сондай-ақ сенбілік жұмыстары аясында көшелер, аллеялар мен саябақтарда 1 700 түп ағаш отырғызылды. Жиналған қоқыстарды шығаруға Жалағаш кенті бойынша жауапты мердігердің, ауылдық округтер бойынша шаруа қожалықтардың техникалары жұмылдырылды.
Тазалық табалдырықтан басталары белгілі. Аудан тұрғындары да тазалықтан алыс емес. Мәселен, кент­тегі Бұқарбай батыр көшесінің тұрғындары сенбілік жұмыс­тарына көршілер болып атсалысты. Үлкенінен кішісіне дейін көршілердің бірлігін көрсеткен көше тұрғындары жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен аяқ су жүретін арықтарды тазартты. Тазалық акциясын тұрақты түрде жалғастырып отыратынын да жеткізді.
Ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытында мұн­дай келелі бастамалар – таптырмас тәрбие құралы. Бұл туралы аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кенті тұрғындарымен кездесуінде айтқан болатын. Ынтымағы жарасқан Жалағаш кенті Бұқарбай батыр көшесінің тұрғындары экологиялық акциялардан бөлек, атаулы күндер мен мерекелік шараларды да жұмыла той­лауды әдетке айналдырған. Көшелерін керемет қылып келіс­тірген кемеңгер жандар іс-шараның соңын бір үйдің баласындай керегесі кең берекелі дастарқан басында тәмәмдады.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: