Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Жексенбі, 24 қараша, 19:59

Шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына зерделеу жұмыстары жүргізілуде

22.07.2022

992

0

Облыста балалар мен жасөсіпірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында бірқатар мәселелер туындаған болатын. Осыған орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов мәселенің анық-қанығын түсіндіріп, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Басқарма басшысының айтуынша, мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес құқық қорғау және мемлекеттік аудит органдары тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, облыс әкімдігінің тиісті құрылым мамандарымен мониторингтік жұмысшы топ құрылып, талдау (зерделеу) жұмыстары жүргізілуде.

Өңірде алғашқы спорт секциясы өткен жылдың 25 маусым күні ал шығармашылық үйірме 15 тамызда іске қосылды 2021 жылы шығармашылық үйірмелерге 16 өнім беруші 4820 баланы қамтып, 101,0 млн теңге, спорт секцияларына 13 өнім беруші 2492 баланы қамтып, 127,0 млн теңгеге жуық қаржы игерілген. Яғни, 2021 жылы шығармашылық және спорттық тапсырысқа барлығы 228,0 млн теңге қаржы жұмсалды.

«Артспорт» бағдарламасын сүйемелдейтін нормативтік-құқықтық актінің толық жетілмеген түрінде қабылдануына байланысты бақылау жұмыстарын жүргізуде кедергілер туындап, нәтижесінде қаржылай қамтамасыз ету облыста ғана емес, республиканың барлық аймағында өзекті мәселенің біріне айналды. Облыс әкімінің аудандар мен Қызылорда қаласының тұрғындарымен кездесу барысында да бұл мәселе бірнеше мәрте көтерілді, – деді облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемұлы.

Алайда өңірде аталмыш бағдарлама аясында жұмыс істеп жатқан өнім берушілер тарапынан шамадан тыс өтінімнің түсуіне байланысты бағдарлама жұмысында кешеуілдеу фактісі орын алды. Мәселенің себебін облыстық мәдениет және спорт басқармасының экономика жөніндегі орынбасары Ерділдә Сұлтанбеков түсіндірді.

Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан қолданыстағы қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және бағдарламаны жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Қолданыстағы нормативке сәйкес кәсіпкерлермен екіжақты келісім бойынша ұсыныстарының негізінде 18 өнім беруші жұмысын уақытша тоқтатты. Алдағы 2023-2025 жылдарға арналған үш жылдық бюджетте бағдарламаға республикалық бюджеттен трансферт бөлуге өтінім жолданды, – деп мәлімдеді Е.Нұртазаұлы.

Ал бағдарламаның не үшін тоқтап қалуын облыстық мәдениет және спорт басқармасының бөлім басшысы Ержан Жеткерұлы түсіндірді.

«2022 жылы өтінімдердің саны күрт өсуіне байланысты шығармашылық үйірмелердегі 60 өнім берушіге тіркелген 15619 (ваучер) баланы, спорт секцияларындағы 53 өнім берушіге тіркелген 7591 (ваучер) баланы жыл соңына дейін қамтамасыз ету үшін қосымша 2,4 млрд теңге қаражат қажеттілігі туындады. Бұл өткен жылғы жұмсалған қаражаттан 17 есеге көп. Сондықтан қосымша 132 өнім берушінің өтінімдері бойынша ваучер тіркеу 24 ақпаннан бастап тоқтатылған. Биыл облыстық бюджеттен шығармашылық және спорт бойынша мемлекеттік тапсырысқа 1 млрд 140 млн теңге қаржы бөлінген. Қаралған қаражат 4 жарым айдың төлемін өтеуге ғана жетті», – деді Е.Жеткерұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: