Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Сенбі, 21 желтоқсан, 22:02

СОТ САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ

07.06.2022

490

0

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуы жолында қалтқысыз қызмет жандардың бірі – ҚР Заңгерлер одағының мүшесі Ақбала Тоғысова.

Саналы ғұмырын бір салаға арнап, 40 жыл аудандық сотта абыройлы еңбек еткен ол 1959 жылы Шәменов ауылында дүниеге келген. Ауылдағы №34 орта мектепті бітірген соңОңтүстік Қазақстан облысы Түркістан индустриялды педагогикалық техникумынан оқу шебері мамандығын алып шықты. Алғашқы еңбек жолынзаң саласынан бастауды жөн санаған Ақбала Қалмаханқызы 1978 жылы аудандық сотта жетекші маман болып жұмысқа орналасты. Өз мамандығын сүйген ол кейін Алматы қаласындағы Каспий қоғамдық заң университеті құқық тану факультетін бітіріп, заңгер мамандығын алып шықты.

Аудандық сотта жүріп өзінің ынта-жігері мен қарым қабілетін көрсете білген оны басшылық «Сот отырысының хатшысы»етіп тағайындады. Ол кезде бүгінгідей компьютер қайдан болсын, барлығын машинкімен, одан қалса қолмен жазып шығатын. Осынау дәуірде сот саласының қайнаған тіршілігіне араласқанАқбала Қалмаханқызы барлық хаттаманы, соттың шешімін, соттың отырысына қатысушы барлық адамдардың өтініштерін, қарсылықтарын, жауаптарын, түсініктемелерін уақытылы әрі сауатты жазып шығатын.

«Қызметімнің ең қиын тұстары кеңестік кезеңде өтті. Негедесеңіз, сотта болған мән-жайды, үкімді, барлығын қолмен жазады. Бұл қыруар уақытты қажететеді. Мәселен, күніне бір ғана сот отырысы болса жақсы ғой, кейде процесс көбейіп кетеді. Сот тарихынан белгілі, бұрын қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бір қазанда қайнап,соттар істің барлық түрін қарай беретін. Оның бәрін қарау, жан-жақты сараптау, тиісті заңынасәйкес шешім шығару қиындық тудыратын. Кейінсот саласы жетілдіріліп, мамандандырылған соттар құрылды.Сол кезеңде уақытпен санаспай, жұмыс жасадық. Көп жылғы тәжірибемнен түсінгенім, әрбір маман өз қызметіме аса ұқыптылықпен қарап, жанашырлықпен жұмыс жасаса, кез келген саланың дамуы жеделдейді. Сондықтан, қазіргі жастар қай салада еңбек етсе де ең бастысы жауапкершіліктен қашпауы керек», – дейді сот саласының ардагері.

Білікті маман кейін 1986-1995 жылдары бас маман-сот отырысының хатшысы, 1995-1998 жылдары бас маман-сот орындаушысы,  1998-2002 жылдары бас маман-сот отырысының хатшысы болды. Кейін бас маман қызметін атқарды.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қолға алған бұл қызметті де ұршықтай иіріп, қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз етуге еңбек сіңірді. Сот саласы түгелдей қайта жаңғырған кезеңде де бар күш қайратын саланың дамуына жұмсады.

Кеңестік дәуірдері сот жүйесін көзбен көріп, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сот саласының жетілуіне сүбелі үлес қосқан ардагер2018 жылы құрметті зейнет демалысына шықты. Бала кезінен заң саласында жұмыс жасауды армандаған Ақбала Қалмаханқызы өзінің алға қойған мақсаты орындалғаның айтып марқаяды. Бүгінгі таңда, жастарға ақыл кеңесін айтып, мол тәжірибесімен бөлісіп жүр. Өңірде беделі салмақты ардагерлерден құралған билер кеңесінің мүшесі ретінде ол қазіргі кезде азаматтақ даулардың сотқа дейін шешілуіне, ел бірлігін нығайтуға атсалысып келеді.

Сот саласындағы ұзақ жылдар бойғы абыройлы еңбегі еленіп, «Мінсіз қызметі үшін», «Сот жүйесінің ардагері» медалін кеудесіне тақты. Қызылорда облыстық сот төрағасының, Қызылорда облысы әкімінің, Жалағаш ауданы әкімініңҚұрмет грамотасымен марапатталды.Бұл ширек ғасырдан астам ғұмырын Сот жүйесінің өркендеуіне арнаған ардагердің еселі еңбегінің еленгені деп білеміз.

Бүгінде ұлы Сақи Ғалым анасының ізін жалғап, сот отырысының хатшысы қызметінде. Жас болса да іскерлік қабілетін көрсетіп,жауапты саланы абыроймен атқарып келеді.

Аян АЛТЫНБАЕВ,

Жалағаш аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Қызылорда облыстық судьялар одағының мүшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: