Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Жұма, 19 сәуiр, 18:39

Мақсұт Қарақұловты еске алуға арналған Президенттік көпсайыстан аудандық ашық біріншілік өткізілді

15.09.2022

636

0

Жалағаш кентіндегі орталық стадионда спорт ардагері Мақсұт Қарақұловты еске алуға арналған президенттік көпсайыстан аудандық ашық біріншілік өткізілді.

Спорттық жарысты аудан әкімі Асқарбек Есжанов ашып, спортшы туралы естеліктерімен бөлісіп, біріншіліктің қатысушыларына сәттілік тіледі.

Таулар алыстаған сайын биіктей береді. Мақсұт ағамыз ауданымыздың спорт саласына өлшеусіз үлес қосты. Сонымен қатар ауданның қоғамдық өміріне де белсене араласты.

Мақсұт Жүнісұлының өмір жолы мен отаншылдық рухы бүгінгі жастарға үлгі-өнеге, таным мен тағылым болып қала бермек, – деді аудан басшысы.

Сонымен қатар шарада арда азамат туралы Айтбек Сүндетбаев, апасы Қалдыгүл Қарақұлова, жарыстың бас төрешісі

Жарысқа 9 ауылдан 100-ге тарта спортшы қатысты. Ашық біріншілік спорттың 4 түрінен 100 метр жүгіру, бір орыннан секіру, граната лақтыру, 1000 метрге жүгіру.

Жарыс нәтижесімен Жаңаталап ауылы жүлделі І орынды, ІІ орынды Таң ауылы, ІІІ орынды Мәдениет ауылы иеленді. Жарыс жеңімпаздары Қарақұловтар отбасы атынан арнайы Кубок, диплом, қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Айта кету керек, Мақсұт Қарақұлов Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 1998 жылы ресми түрде жеңіл атлетика бөлімшесін ашып, балалар жеңіл атлетикасының негізін салушы кәсіби маман. Ауданда 2008 жылы жасөспірімдер спорттық туризмін алғаш ұйымдастырып, дәріс беруші жаттықтырушы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: