Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Жұма, 22 қараша, 08:53

Серпін алған сала

19.08.2023

295

0

Бүгінде өңірде 95 спорт түрі бойынша 316 100 мың адам тұрақты дене шынықтырумен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанады. Тиісінше жыл басынан бері облыста 920 бұқаралық спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 106 750 адам қатысқан. Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында тамыз айының үшінші жексенбісі – Спорт күніне орай облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жігер Айекешов Сыр спортындағы жағымды жаңалықтарын БАҚ өкілдеріне баяндады.

– Бүгінде Сыр спорты серпінді дамып келеді. Мәселен, біздің спорт­шыларымыз ҚР чемпионаты мен ку­бок­тарынан 732 медаль жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 92 медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасына облыстан барлығы 552 спортшы енгізілген. Осы жетістіктерімізді одан әрі жетілдіру аса маңызды. Сон­дықтан да жыл басынан бері 4 ҚР ең­бек сіңірген жаттықтырушысы, 4 ҚР ха­лықаралық дәрежедегі спорт ше­­бері, 48 ҚР спорт шебері, 598 ҚР спорт шеберлігіне кандидат спортшы дайын­­далды. Ендігі кезекте, тамыз айы­­ның үшінші жексенбісі – спорт күні орай өңірімізде бірқатар іс-шаралар ұйым­дас­тырылуда. Атап айтқанда, Нағи Ильясов спорт кешенінде Қызылорда облысының 85 жылдығы мен ҚР спорт күніне орай спорт мектептері бас­шы­ларының арасында үстел тен­нисінен об­лыстық турнир өтті. Сонымен қатар, 18 тамыз күні велошеру өтеді. Бұл шараға кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Ал ең басты мерекелік кеш Президент саябағында өтіп, соңы концерттік бағ­дарламаға ұласады, – деді басқарма басшысының орынбасары Жігер Ондасынұлы.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: