Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сенбі, 04 мамыр, 00:55

Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады

22.04.2024

524

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

«Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!», – деп жазды мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салсақ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінде топ жарды.

Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті. Оның алдында Брисбен (Австралия) және Әбу-Дабидегі (БАӘ) жарыстарда топ жарған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: