Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Жұма, 03 мамыр, 22:24

Су тасқыны: 6 облыста маңызы бар жолдар жабылды

10.04.2024

421

0

Елімізде су тасқынына байланысты 14 автомобиль жолы жабылды, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап

«2024 жылғы 10 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3655 метр болатын су тасқыны болды», – деп хабарлады «Қазавтожол».

Жағдайға байланысты 6 облыста (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолына шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 365 бірлік техника мен 701 адам жұмылдырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: