Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сәрсенбі, 09 қазан, 12:35

Су тасқыны: Өңірлердегі қазіргі жағдай қалай?

07.04.2024

416

0

Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин ел аумағындағы су тасқынының жағдайы туралы соңғы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Казинформ.

«Су тасқыны басталғалы бері азаматтық қорғаныстың көмегімен 62 мыңға жуық адам, оның ішінде 15 мыңнан астам бала және 45 мүмкіндігі шектеулі азамат қауіпсіз жерге жеткізілді. Уақытша орналасу пунктеріне 13 мыңнан астам адам, оның ішінде 6 800-ге жуық бала эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 2 607 адам, оның ішінде 760 бала қауіпсіз жерге орналастырылды. Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдардың көмегімен 7 млн текше метрден астам су сорылды, сонымен қатар 911 мыңнан астам қап, 907 тонна инерция материал төселді. Бүгінде құтқару жұмыстарына 900 мыңнан астам адам, 2 мың бірлік техника және 500-ге жуық жүзу, су айдау құралдары жұмылдырылды», – деді Қаһарман Оразалин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, құтқару жұмыстарына Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның 10 әуе кемесі тартылған.

«Қазіргі уақытта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы және Павлодар облысында 3365 жеке тұрғын үй, 200 аула аумағы және 1059 саяжай су астында қалды. Сондай-ақ, республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар су шайған 85 автожол және су жүрген 135 жол республикалық штабтың бақылауында», – дейді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: