Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:40

Сыр елінің тартуы елордаға аттанды

13.09.2023

476

0

Ағымдағы жылдың 16-17 қыркүйек күндері Астана қаласының 25 жылдығына орай Қызылорда облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылуда.

Бүгін Алтын қамбаның алаңынан Астана қаласына ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты.

Арқа төріндегі тұрғындарға 85 жылдық тарихы бар Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі.

Жәрмеңкеде аймақта өндірілетін отандық өнімдерді қолдау мақсатында арнайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады.

Жалпы жәрмеңкеде 60-қа жуық Сыр дихандары мен тауарөндірушілері 40 жүк көліктермен жалпы құны 160 млн. теңгені құрайтын 450 тоннадан астам өнімдер тұрғындарға ұсынылады.

Атап айтқанда 130 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет және 30 тоннаға жуық балық өнімдері, 30 тоннадай көкөніс пен жеміс-жидектер, 230 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 10 тоннадай сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық сөк, талқан және кондитер өнімдері жөнелтіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: