Бұл туралы Алматы облысының прокуроры Берік Адамов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
7 күдіктінің ұсталғаны туралы бұрын хабарланғаны мәлім. Шерзат Болаттың өліміне қатысты полицейлер тағы 3 күдіктіні ұстады. Осылайша, 10 адам ұсталғаны белгілі болып отыр.
Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Берік Адамов:
«10 адам күдікті деп танылды. Тағы екеуі қылмыстық қудалау орбитасында, бірақ олардың мәртебесі – қорғану құқығы бар куәгер», деді.
Еске салайық, адам өлтіру және бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!