Бүгін «Ораза айт» мерекесі қарсаңында Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ауданның бас имамының, аудандық спорт бөлімінің, “Наркескен” спорт мектебінің қолдауымен “Асыл мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудандық «Иманқұл» мешітінде спорттық шаралар өткізілді. Спорттық сайыс спорт саласының ардагерлері мен мешіт жамағатының қатысуымен мешіт ауласына жеміс көшеттерін егу акциясымен басталды.
Шараға кент және ауылдық округтерден 16 команда қатысып, 4 спорт түрінен (қазақ күресі, қол күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру) сайысқа түсті.
Сайыс нәтижесі бойынша І орын иеленген Ақсу ауылдық округіндегі Беркінбай кәлпе мешітінің командасына – 100 000 теңге, ІІ орын иеленген Дәуімбай елді-мекеніндегі Әр-Рахим мешіті командасына – 70 000 теңге, ІІІ орын иеленген Бұқарбай батыр ауылдық округінің Бұқарбай батыр мешіті командасына – 50 000 теңге қаржылай сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ спорттық шараға қатысып, белсенділік танытқан 13 команда 15 000 теңгеден қаржылай сыйлыққа ие болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!