Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 18:20

Тартысқа толы турнир

23.04.2024

1295

0

«Наркескен» спорт клубының ұйымдастыруымен белгілі кәсіпкер, спорт жанашыры Алмас Досымовты еске алуға арналған гір спортынан облыстық ашық турнир өтті. Оған жергілікті спортшылардан бөлек Сырдария, Арал, Қармақшы ауданынан келген 60-қа жуық үміткер қатысты.

– Бұл турнир биыл 4-ші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс 8 салмақ дәрежесінде ұзын айналым жаттығуы бойынша өткізілді. Тур­нир­ге тыңғылықты дайындықтың арқа­сында келген аудан спортшылары 8 сал­мақ дәрежесінде өткен сайыстың 7-еуінде І орынды иеленді, – дейді гір спорты үйір­месінің жаттықтырушысы Абдул­хасан Сейтенов.
Спортшыларға гір спортының аға жаттықтырушысы Оразбек Ме­дет­баев, Арал ауданының аға жаттық­тырушысы, спорт төрешісі Қайсар Разақов, №202 орта мектептің дене тәрбиесі мұғалімі Мей­рамбек Есна­заров пен бірін­ші са­нат­ты төреші, ауданның аға жаттық­ты­ру­шысы Аб­дул­хасан Сейтенов төрелік етті.
2010 жылы туған және одан кіші жас­өспірімдер арасында 38 келі салмақта І орын Ме­шіт­бек Ержанға ІІ орын Өмір­бек Нұрасылға, ІІІ орын Мұра­дәли Қазынабекке бұйырды. Ал 48 келі сал­мақта Қар­мақшы ау­да­нынан келген Маратбек Арнұр көш бастады. ІІ орынға жалағаштық Жаңа­берген Арнұр ие болса, тағы бір спорт­шымыз Ермекбаев Асқар үздік үштікті түйіндеді.
2008 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында 58 келі сал­мақта үш орынды да жалағаштық спорт­шылар алды. Бұл сайыста Өмір­бек Әл­тайыр қарсылас шақ келтірмеді. Ал Қартаңбай Жандәулет екінші орын еншілесе, Жәнібек Нұрдаулет үшінші орынға тұрақтады. 58 келіден жоғары салмақта өткен жарыста І орын Ербол Әзизге бұйырды. Мұнан кейінгі орынға Нұрлан Қуаныш жайғасса, ІІІ орын Әділ­бекұлы Өтегенге бұйырды.
2006-2007 жылы туған ұлдар арасында абсолют сал­мақта өткен сайыста І орын Орынбасар Нұр­ис­ламға берілді. ІІ орынға Каж­ден­бек Еркебұлан жайғасса, ІІІ орынға Оразбекұлы Әлизан лайық деп та­нылды. Ал қыздар арасында абсо­лют салмақта аудан спортшысы Аймағанбет Арайлым көш бастады. ІІ орынға Сырдария ауданының спорт­шысы Оразбекқызы Шакиза ие болса, ІІІ орын қармақшылық Аружан Жайшылықоваға бұйырды.
Ересектер арасында 80 келіге дейінгі салмақта Төлеген Қайсар тағы да топ жарды. Ғанибек Әбілбаев ІІ орынға ие болса, Ислам Мажиев ІІІ орынға тұрақтады. Ересектер ара­сында дәл осы салмақта «Наркес­кен» спорт клубы гір спорты үйірме­сінің жаттықтырушысы Сейте­нов Абдулхасан көш бастады. Мұнан кейінгі орындарға Сырдария ауда­нынан келген Төлеген Жеңісбек пен қармақшылық спортшы Бекмұрат Нысанбаев жайғасты.
Сайыс соңында жеңімпаздарға ау­­дан­дық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің дипломы, жеке кә­сіпкер, аудандық мәслихат депутаты Қайрат Досымовтың демеушілігімен қар­жылай сыйақы, медальдар табыс­талды. Аудан абыройын арқалаған спортшыларымыз бұл турнирде 7 ал­тын, 3 күміс, 5 қола иеленді.

А.ЕРЖАНҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: