Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Бейсенбі, 09 мамыр, 21:03

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

15.03.2024

275

0

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов кәмелетке толмағандар мен жастардың экстремизм және терроризм идеологиясының ықпалына түсу қаупінің алдын алу, террористік тұрғыдан осал объектілерді бекітілген салалық нұсқаулық талаптарына сәйкестендіру туралы баяндады.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхамед Ермеков Байқоңыр кешені аумағында (қазақстандық азаматтар арасында) діни экстремизм мен терроризм профилактикасын ұйымдастыруда мемлекеттік мекемелер атқарған жұмыстарға тоқталды.

Жиында көтерілген мәселелер бойынша облыс әкімі жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді. Облыстық білім, дін істері, қоғамдық даму басқармаларына, Қызылорда қаласы және аудандар әкімдеріне кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы профилактиканы жандандыруды тапсырды. Облыстық дін істері басқармасы бекітілген алгоритмге сәйкес жұмыс барысын қатаң бақылауда ұстауы қажет. Мұнан бөлек, облыстық білім басқармасына оқушыларды жат діни ағымдардан сақтандыру міндеті жүктелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: