Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 20:19

Тұрғын үйді өрт шалмасын десек…

08.11.2022

280

0

Өрт көп жағдайда адамдардың өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамауынан немқұрайдылықпен қарауының салдарынан болып жатады. Үйде тұрған пештер жарамды күйде болуы және өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын сақтауды ескере отырып жабдықталуы тиіс. Пештерді пайдалану кезінде қарапайым талаптарды сақтау керек.

Біріншіден, түтін жолдары мен пештерді күйеден тазарту қажет. Ал жанғыш шатырдың үстіндегі түтін құбырларында ұшқын ұстағыштар болуы тиіс. Отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды оттықта орналастыруға, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ балаларға қадағалауды тапсыруға әсте болмайды.
Пештерде және олардың жанында киімді, отынды және басқа да материалдарды кептіру қауіпті екенін ескеріңіз. Сондай-ақ пештерді қыздыру да қауіпті. Балаларыңызды қараусыз қалдырмауға тырысыңыздар және сіріңке, оттық, шақпақ сияқты заттарды балалардың қолы жетпейтін жерге қою, газ плитасы, үтік және т.б жылыту құралдарына жақындамау жөнінде күнделікті ескертіп отыру керек. Балалар біздің болашағымыз екенін есімізден шығармайық.

Жылыту маусымына дайын бол

Күннің салқындауына байланысты Жалағаш ауданының тұрғындары пештермен және жылытқыш электрқұралдарын қолдана бастады. Қатты суықта, желді ауа райында тұрғындар қосымша жылыту құралдарын қолданады: плиткалар, электр жылытқыштар және т.б., кейде қолдан жасалған электр құралдары да кездесіп жатады. Мұның бәрі бақылаусыз өрттің пайда болуына әкелуі мүмкін. Осындай оқиғалардың алдын алу үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.

Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз

Жылу маусымының басында жылыту құралдарын тексеру және жөндеу қажет. Жылу маусымы басталар алдында жеке үй иеліктерінде түтін мен құбырларды күйеден тазартқан дұрыс. Ал пешті қыздыруға және қатты отынмен пешті жағу үшін бензин, керосин, басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
Балаларға пешті жағуды тапсырмаңыз. Пештерде және олардың жанында киімді, отынды және басқа да материалдарды кептіру қауіпті. Жылыту пештерінің жанында отынды, тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш материалдарды сақтауға және жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға болмайды.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: