Әйелдер мен қорғансыз балаларға жасалатын зорлық-зомбылықпен күресу-мемлекеттің басты назарындағы өзекті меселенің бірі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабында да әйелдерге қол сілтейтіндерге ескертуден бастап, айыппұлға тарту, он тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жазалар қарастырылған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес, «Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса»-ескерту жасауға, не үш тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Осы жылдың басынан күні бүгінге дейін аудандық сотта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабымен 12 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Атап,айтқанда Р.Ж 2024 жылдың 10 қаңтары 16 сағат 30 минут шамасында Жалағаш кентіндегі өз үйінде жәбірленуші – некедегі зайыбы П.Н-ға қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерiнсіз сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, отбасы тыныштығын бұзған.Жәбірленушінің кешірім бермеуіне байланысты, құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 5 (бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Р.З 2023 жылғы 16 желтоқсанда сағат 21.00 шамасында Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, М.Шаменов көшесіндегі үйде жәбірленуші Д.Ж-ны ұрып-соғып, денсаулығына қысқа мерзімге бұзылуына әкеп соққан қасақана жеңіл зиян келтірген деп, оның әрекетін ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ескерту жасалған.
Бір өкініштісі, бір құқық бұзушы бір ай ішінде бірнеше рет отбасы -тұрмыстық тыныштықты бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік құқық бұзады.
Қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талабына сай полиция органымен қорғау нұсқамасы шығарылады.
Алайда, В.В мас күйінде 2024 жылы 7 қаңтар сағат 23:00 шамасында тұрғылықты мекенжайында, алкогольден масаң күйінде некедегі әйелі П.П-ның мазасын алып, 2023 жылғы 25 желтоқсандағы өзіне қатысты полиция органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, ол 10 (он) тәулік әкімшілік қамаққа алынды.
М.АЛИЯКБАРОВ,
Аудандық соттың бас маманы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!