Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 10:24

Туған тіл тұғырың

24.03.2023

326

0

Қазақстан дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз-бүгінгі жастар.  Олардың міндеті-елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек. Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы- қазақ халқының ұлттық тілі.

Тіл қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса, сөз болмайды. Сөз болмаса, адамзаттың тірлігінде мән-мағынасы болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсысымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсіп келеді.

«Ұлттың сақталуына да, жойылуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы- тіл» деген Ахмет Байтұрсынұлы. Тілге құрмет отбасындағы тәрбиеден басталады. Тілін сүйетін, ұлтын құрметтейтін азамат тілдің маңызын ұрпағына үйретіп, жадында сақтауы қажет. Тіл халықтың жаны. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады.  

Қазақ ұлты жоғалмауы үшін, жаным да, қаным да қазақ деген  әрбір азамат өз ана тілінде сайрап тұруы қажет.    

Сахи Ғалым Болатбекұлы

Жалағаш аудандық сотының

бас маман- сот отырысының хатшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: