Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Дүйсенбі, 31 наурыз, 05:51

Үш облыста көлік қозғалысы шектелді

26.03.2025

203

0

Шектеулер – еріген қар сулары салдарынан болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазАвтоЖол»-дың мәліметінше бүгінгі сағат 08:00 жағдай бойынша 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды.  

Ақтөбе облысы: – «Қандыағаш – Ембі- Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы – Ембі қаласы).

Қостанай облысы: – Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы: «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 45 арнайы техника және 57 маман жұмылдырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: