Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 02:48

Үздіктер марапат төрінде

09.12.2022

220

0

Биыл қала жастары «Qosyl-дың» тындырымды істеріне қанық болды. Жыл басынан бері ауыл жастарын қаланың қайнаған қазанына бейімдеуге бағытталған шаралар ұйымдастырып, дамудың даңғыл жолын көрсетті. Апта басында жастар «Qosyl premiya» қорытынды кешін ұйымдастырып, 11 мәрте «Самғау» жастар сыйлығының иегерлерін анықтады.

Жастар кешінде сөз алған қала әкімі Асылбек Шаменов жастардың байыпты ісіне ризашылығын білдірді. «Қызыр дарып, құт қонған шаһарымызда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жастарға жасалған үздіксіз қолдаудың нәтижесінде «Qosyl» қалалық жастар орталығының республикада үздіктер легін бастауын жылдың басты жетістігі десек болады» деп Сыр өңірінде Шығыс жастарының жалынды жетекшісі болған Ғани Мұратбаевтың бүгінгі ізбасарлары деген атқа лайықты жастар шоғыры қалыптасып келе жатқанын тілге тиекетті. Сондай-ақ «Qosyl» жастар орталығына «Jastar belgisi» жастар орталықтары үшін сапа белгісі» бағдарламасына қатысып, жеңімпаз атанғаны үшін 2-дәрежелі күміс белгіні табыстады.
Дәстүрлі қала әкімінің «Самғау» жастар сыйлығы биыл жаңашылдыққа толы. Конкурс жеңімпаздары бұған дейін құжат тапсыру арқылы анықталса, биыл конкурс талаптарына өзгертулер енгізіліп, 10 номинация бойынша сынға түскен үміткерлер арасында 10 қызылордалық жеке дара көш бастады.
Әр номинация бойынша үздік шыққан 10 жасқа 100 мың теңге және Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығының естелік статуэткасы табысталды. Атап айтсақ “Жас дәнекерлеуші” – Қайрат Дәуіржан Қайратұлы, “Жас тас қалаушы” – Ізтілеуов Айболат, “Жас аспазшы” – Мұрат Арман, “Жас автомеханик” – Мұқаш Бекзат, “Жас электрик” – Жүнісов Жандос, “3D модельдеуші” – ЖетпісбаевСерік, “Графикалық дизайнер” – Қорғанбек Досжан, “Робототехника” – Садибеков Ербол, “Жасөртсөндіруші” – Алиев Құрманғазы, “Жастігінші” – Әбдіқалықова Ұлжан үздік деп танылды.
Сонымен қатар салтанатты жиында жастар саясаты саласында табысты еңбек етіп жүрген азаматтар, Қызылорда қаласы жастарының дамуына ерекше қолдау көрсетіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, азаматтық қоғамды қалыптастыруда өзіндік үлес қосып жүрген бір қатар жастар қала әкімінің «Алғыс хаты» мен «Qosyl» жастар орталығының «Атаулы премияларымен» марапатталды.
«Самғау» жастар сыйлығын жариялау белсенді жастардың одан әрі шығармашылығын шыңдап, рухани байлығын арттыруға қолдау көрсету, көтермелеу мақсатында дәстүрлі түрде жалғасын таба бермек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: