Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:14

Ұстаздар марапат төрінде!

05.10.2023

346

0

Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді. Ұстаздар күніне орай «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып жүрген ұстаздар еңбегі еленіп, марапатталды.

Шара барысында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Даулет Кәрібек, Қызылорда облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова және Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаеваның «Алғыс» хаттары табыс етілді.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева жиынға қатысушы ұстаздарды айтулы мерекелерімен құттықтап, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздарға қай кезде де үлкен жауапкершілік, зор міндет жүктелетінін айтып өтті.
Құрметті ұстаздар, марапаттарыңыз құтты болсын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметте мол табыстар тілейміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: