Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Бейсенбі, 02 мамыр, 21:50

Ұзынкөл су қоймасы бұзылса, 5 ауылды су басуы мүмкін – ТЖМ

03.04.2024

243

0

Егістіктерден еріген қар суының мол көлемі Ұзынкөл су қоймасына ағып, аталған су қойма толып кеткен. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Ұзынкөл кентін су басу қаупі туындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, Теректі ауданы Подстепное ауылында, сондай-ақ Орал қаласында халықты алдын ала эвакуациялау жүргізіліп, барлығы 750 адам, оның ішінде 230 бала эвакуацияланды.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға 112 адам және ТЖМ, ЖАО, ПД-нен 39 бірлік түрлі техника жұмылдырылған. Су қоймасы бөгетін нығайту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Хабарламада: «Ұзынкөл су қоймасы бұзылған жағдайда Ұзынкөл, Юбилейное, Кемер, Жаңа Өмір, Барбастау ауылдарын су басу қаупі бар», делінген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: