Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:47

Жалағашта өнімдер арзан бағада сатылды

26.03.2023

126

0

Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. 

Кеше Жалағаш ауданы орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге Жалағаш кенті мен ауылдық округтерден сыр маржаны, ет, сүт, балық, картоп, сәбіз және басқа да бақша өнімдері мен жем-шөп әкелінді.

Жәрмеңке өнімдері нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан бағада сатылды. Жергілікті өнімге деген халықтың сұранысы жоғары. Баға тұрақтылығын сақтауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі алдағы уақытта жиі ұйымдастырылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: