Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Жексенбі, 21 шiлде, 22:12

Жаңа мешіт ел игілігіне

07.11.2023

331

0

Кеше Жалағаш кентіндегі Дәуімбай учаскесінде жаңадан салынған «Әр-Рахим» мешітінің ашылу салтанаты өтті. «Игі істің басына, жақсы келер қасына» демекші, аудан жұрты үшін жасалып жатқан игі шараға жиылғандардың қатары қалың болды.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Абуов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, игі шараға бастамашы болған Досымовтар әулетінің ақсақалы Сәрсенбай Төлемісов сөз сөйлеп, күмбездері көкпен таласқан жаңа мешіт ғимараты елді береке-бірлікке шақыратын имандылық үйі болсын деген тілегін жеткізіп, ризашылығын білдірді.
– Бүгін игі шараның куәсі болып отырмыз. Бұл нысан елді имандылыққа, жақсылыққа тәрбиелейтін мешіт болсын дейміз. Жаңа ғимараттың бой көтеруіне себепші болған азаматтардың жұмысына береке берсін. Алдағы уақытта ауданда жағымды жаңалықтар көп болып, елдің мақсат-мүдесіне жасап жатқан жұмысымызға береке берсін, – деді Ғани Кенжеғараұлы.
Айта кетейік, аудан тұрғындары құлшылық ететін, жа­мағаттың игілігіне беріліп отырған жаңа мешіттің ашылуына ауданымыздың тумасы, жеке кәсіпкер Қайрат Досымов демеушілік көрсеткен. Шарада жаңа мешіттің лентасы қиылып, құран бағышталды.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: