Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Жұма, 19 сәуiр, 23:25

ЖАСТАР ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

05.10.2022

416

0

Ардагерлерге құрмет көрсету, аға ұрпаққа құрметпен қарау болып табылады. Тәуелсіз елде бақытты ғұмыр кешіп, бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз ардагер аталарымыздың арқасы. Осы орайда, бүгін Т.Жүргенов ауылында еңбек ардагерлерімен жастардың кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастарды отансүйгіштікке баулу, ардагерлердің ерлік істерін насихаттау. Аталған шараға ауылдағы еңбек ардагерлері, жастар және Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Бекжанов Әліби қатысты.

Жемісті еңбек етіп бүгінде зейнетін көріп отырған ардагерлермен жастардың кездесуі ұрпақтар сабақтастығын жалғайды. Еңбегімен елге сыйлы болған әрбір ардагерді жастарға үлгі етеміз. Жастар мен аға буын өкілдерінің кездесуі бүгінгі күні өте маңызды. Себебі жастарға тәрбиелік мәні бар, патриоттық бағытта, адамгершілік тақырыбында әңгіме айту сиреп барады. Жастар – еліміздің болашағы, ал болашағымыз жарқын болуы үшін аға буын өкілдерінің біздің алаңға келіп, бағыт-бағдар беруі маңызды. Үлкендеріміз − ақылшы, тілеулес – деді аудандық мәслихат депутаты Әліби Бекжанов.

Аталмыш шара барысында жастар аға буын өкілінің үздік тәжірибесімен танысып, ұсыныстар мен пікір алмасу алаңын ұйымдастырды. Ашық әңгіменің алаңына айналған кездесуде олар өздерінің көкейлерінде жүрген түрлі сауалына жауап алды.

#AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: