Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жұма, 29 наурыз, 17:47

ЖОЛДАУ БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ ІРГЕСІН НЫҚТАУҒА МІНДЕТТЕЙДІ

08.09.2022

348

0

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қаншагүл Мұстафаева, Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісінің орынбасары Ахан Кенжебаев және «Аламесек ауылдық округі» БПҰ төрағасы Шынар Ақшонтаева Есет батыр ауылында кездесу өткізді.

Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің алдағы әлеуметтік- экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылып, еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді. Әр жолдау еліміздің әр саласына жаңа серпінмен талпыныс беретіні анық.Олай болса еліміздің жарқын болашағымен кемел келешегі үшін жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау әр азаматтың борышы – деді Қаншагүл Мұстафаева.

Жиынның соңында партияластар Жолдауға қатысты пікірлерін білдіріп, бірауыздан қолдайтындықтарын және «Әділетті Қазақстан» жолында қызмет ететіндіктерін жеткізді.

#Жолдау

#Аманат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: