Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 03:49

Жолдау – оң өзгерістердің бастауы

22.09.2022

336

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Халыққа қызмет» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.


Аталған жиынға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, Жалағаш аудандық мәслихат депутаты Ұлжахан Тәжібаева, «Қазақстан 2030» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Ботагөз Жақанова қатысты.


Жолдауда айтылған басым бағыттар яғни, қоғамда көп талқыланып жүрген зейнет жасы, тәрбиешілердің жалақысы, ең төменгі жалақы, білім мен денсаулық саласына қатысты мәселелер қамтылып, көптің көңілінен шықты. Әділетті Қазақстанды құру үшін бірлік пен табанды еңбек керек. Сондықтанда мен әрбір қазақстандықты ел игілігі үшін аянбай жұмыс жасауға шақырамын – деді Қаншагүл Мұстафаева.


Мемлекет басшысының Жолдауы әрбір қазақстандыққа жүктелетін зор жауапкершілік. Алға қойған бағытымыздан таймай, Жаңа Қазақстанды бірге құруға атсалысуымыз керек – деді Ұлжахан Тәжібаева.


Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Жолдауды халық асығыстықпен күтеді. Биылғы Жолдау еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді. Жолдау жүктеген маңызды міндеттердің ішінде халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыруға, ұлт сапасын арттыруға баса мән беру керектігі айтылды – деді Ботагөз Жақанова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: