Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 16:10

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

21.09.2023

290

0

Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері лауазымынан бастады.

2020 жылғы қаңтар айынан бастап 2021 жылғы қаңтар айы аралығында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті мен Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директор орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарды.

2021 жылғы қаңтар айынан бастап 2022 жылғы наурыз айы аралығында Қазақстан Республикасы  Парламент Мәжілісінің депутаты болды.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болды.

2023 жылы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

Еске салайық, Зүлфия Сүлейменова биыл 1 қыркүйекте Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: