Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

30°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 13:24

Ардагерлер кеңесінің Төрағасы сайланды

16.02.2021

1980

0

Апта басында аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығында өткен пленум мәжілісінің күн тәртібінде пленум мүшелерін және кент ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау мәселесі қаралды. қатысушыларға Алдымен пандемия кезінде дүниден өткен Сақы Қалыбаев, Біржан Көштаев, Тасқара Байниязов және Нұрбай Өзденбаев сынды ардагер ағаларды бір сәт үнсіздікпен еске алды. Содан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев мәжілістің күн тәртібіндегі мәселелермен қысқаша таныстырып өтті.

Пленум мәжілісіне қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет құрметті зейнет демалысында жүрсе де, қоғамдық өмірге белсене араласып, артындағы жас буынға өнеге көрсетіп, үлгі болып жүрген ардагерлерге алғысын білдіріп, арқа тұтып, ақыл сұрар аға-апаларымызды алдағы уақытта да ел игілігі жолында бірлесе қызмет атқаруға шақырды. Одан соң кент ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Амангелді Мақатаев және кент ардагерлер кеңесінің мүшесі Байна Наршаев сөз алып, қазыналы қария, ардақты ардагер ретінде ел ішінің бірлігі мен ынтымағына ұйытқы болып, жастарға ақыл-кеңестерін айтып, бағыт-бағдар көрсетіп отыруға әрдайым дайын екендерін жеткізді.

Мәжілісте кент ардагері Қожатай Құлмахан Жалағаш кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды. Сонымен бірге кент ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері толықты.

– Кент ардагерлер кеңесінің төрағасы болған Біржан Көштаев Жалағаш кентіндегі әрбір ардагерді зерттеп, зерделеп, тиісті мекемелерге бекітті. Сол кісінің еңбегінің нәтижесінде қазіргі уақытта 41 бастауыш ардагерлер ұйымына 1 600 ардагер есепте тұрады. Біз осы ағамыз бастап берген жұмысты әрі қарай жалғастырып, жандандыруымыз керек. Есепке тұрған әрбір ардагерге әлеуметтік карта жасалып, мәліметтер базасы жаңартылып отырылуы тиіс, – деді Жасұлан Ерданұлы.

Сондай-ақ жаңадан сайланған кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожатай Құлмаханның қоғамдық жұмыстағы қызметіне сәттілік тіледі. Өз кезегінде сөз алған Қожатай Құлмахан сенім артқан ардагерлерге алғыс айтып, ел ішіндегі ардагерлермен етене жұмыс істейтінін жеткізді.

Қ.Ахетов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: