Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жұма, 22 қараша, 01:15

Қол жуу күні: Кім, қалай қол жуады?

28.10.2020

819

0

Арнайы қол жуу күні бар екенін естігенде таң қаласыз. Бұл күн не үшін деп елең ете де қаласыз. Қол жууға жалпы ортақ бір күн белгіленген. Неге?

Теледидар көріп отырсаңыз, таңғы асты бөлмесіне әкеліп ішетіндерді байқайсыз. Адам ұйқыдан тұрғанда беті-қолын жуып, дастарқанға отырып тамақтанушы еді ғой. Ал көгілдір экрандағы сериалдарда ұйқыдан оянған бойда, жуынбастан төсекте тамақ жейді. Сөйтсек бұл шет елдегілердің өмірінде де жиі кездесетін жайт екен. Шетелдіктер беті-қолын жуып, содан кейін барып тамақ ішуге ден қоймайды. Біз тазалықты басты орынға қоямыз ғой. Күнделікті жуынуды әдетке айналдырмағандар үшін бүкіл әлемдік қол жуу күні енгізілген. 15 қазан күні осы қарапайым гигиеналық рәсімнің балалар мен ересектерде кездесетін бірсыпыра қауіпті аурулардың алдын алатынын еске салу үшін мерекені атап өтеді.

Алғаш рет осы мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Тазалық жылы аясында 2008 жылы атап өтті. Бүгінгі таңда бұл күнді 70-тен астам елде атап өтеді және оның саны жыл сайын өсіп келеді.

Осы мерекені тойлау аясында бүкіл әлем бойынша қолды қалай және не үшін жуу керектігін түсіндіретін жеңіл ойын түріндегі қызықты әрі танымдық іс-шаралар өткізіледі.

Арнайы мереке үшін қала алаңдарына көптеген ашық түсті шұңғылшаларды орнатады, ал денсаулық сақтау қызметкерлері арнайы үйретілген ерікті көмекшілермен бірге не істеу керегін көрсетеді

Қол жуу сияқты ұсақ-түйекке толық бір күн бөлудің қажеті қаншалықты дейсіздер ме? Бар мәселе бүкіл жұқпалардың шамамен 80%-ы қол арқылы берілетінінде жатыр, ал қолды сабынмен мұқият жуу сияқты қарапайым шара ауырып қалу қаупін күрт азайтады. Демек бұл жайында ескертіп отыру артық болмас.

Сонымен қолды қай кезде жуу керек? Соған тоқталып көрелік…

•Тамақтану алдында

•Тамақ дайындау алдында

•Шикі етті немесе балықты ұстағаннан кейін

•Дәретханадан кейін

•Даладан кіргеннен кейін

•Түшкіргеннен кейін

•Жануарларды ұстағаннан кейін

•Жұқпаларды таратушылармен қарым-қатынастан кейін

•Үй жинаудан соң

•Жараны таңғанға дейін және кейін

•Қоқыс шығарғаннан кейін

Қолды қалай дұрыс жуу керек?

Зерттеу деректері бойынша адамдардың бәрі бірдей қолды дұрыс жуа бермейді. Оны былай жасау қажет:

•Шүмекті ашыңыз және суды жайлы температураға келтіріңіз.

•Қолыңызды қатты немесе сұйық сабынмен сабындаңыз.

•Егер қолыңызды қоғамдық жерде жусаңыз, шүмектің тұтқасын сабындаңыз. Әйтпесе, Сіз қайтадан кір шүмекті ұстайсыз да, бактериялардың көп бөлігі қолыңызға қайта келеді. Шүмектің тұтқасындағы сабынды жуып тастаңыз.

•Қою көбік шығатындай қолыңызды тағы бір рет сабындаңыз.

•Саусақтардың арасына, алақандарыңыздың ішкі және сыртқы жақтарына, сондай-ақ тырнақ астындағы теріге көңіл бөліп, қолыңызды кем дегенде 30 секунд жуыңыз.

•Сабынды жуып кетіріңіз

•Шүмекті жабыңыз

•Таза орамалмен қолыңызды құрғата сүртіңіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: