Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 06:23

Қызылордада 15 896 шетелдік көлік тіркелді

23.08.2023

307

0

Осы жылдың 1 шілдеге дейін аймақ азаматтарының берген өтініші бойынша шетелдік автокөліктерді тіркеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 15896 көлік құралдары заңдастырылып, тіркелді. Құжаттары толық болмаған 1331 азаматтың өтініші кері қайтарылды. Толығырақ Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысының полиция департаменті, Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Нұржан Өтепбергенов тарқатты.

«ҚР Үкіметінің 4 маусымдағы №356 қаулысына сәйкес, «Конструктор» ретінде шетелден жеткізілген көліктерді қайта сату құқығын шектеу арқылы 733 автокөлік және шет мемлекетте есепте немесе шектеуде тұрған 1703 автокөліктер 5 жылға тіркелді. Жалпы, 5 жылға уақытша тіркелудің құны – 15 мың теңге. Мұндай мүмкіндік бұрын болмаған. Тек қана 215 мың теңге арқылы толық тіркеу жүргізілетін еді», – деді Нұржан Темірханұлы.

Ескере кететін жайт, егер тіркелмеген немесе заңдастырылмаған шетелдік көліктер жол ережесін бұзған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 590-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жаза қарастырылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: