Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:59

Сыр елі егін жинау науқанына дайын

24.08.2023

591

0

 Сыр өңірі басқа аймақтарға қарағанда ауыл шаруашылық саласына халқы мен табиғаты бейім болып келетіні ақиқат. Биыл аймақ басшысының ерекше қолдауымен егісті тұрақты суаруға бөлінген 3,8 миллиард м3 су пайдалану лимитіне сәйкес, барлығы 193,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. 

Өткен жылмен салыстырғанда 4,8 мың гектарға артық егілді. Жалпы, егін жинау науқанына қатысты ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев айтты.

«Осы жылы облыс бойынша 193,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде, дәнді дақылдар 99,9 мың га, майлы дақылдар 4,5 мың га, мал азықтық дақылдар 69,2 мың га, картоп, көкөніс, бақша 19,8 мың га егілді. Негізгі дақыл күріштің көлемі 89 мың гектарды құрады. Егіс көлемдерін әртараптандыру бағытында 1192 гектарға дән жүгері, 1447 гектарға сүрлем жүгері, 179 гектарға күнбағыс, 64 гектарға соя дақылы, 5 гектарға қант қызылшасы, 195 гектарға қант құмайы егілсе, су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы 872,5 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Сонымен қатар, 4239 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы 100%-ға жөндеуден өткізіліп, күзгі егін жинау жұмыстарына қатысуда» деді Талғат Тұрсынұлы.

Былтыр күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізуге 9,1 мың тонна мемлекет тарапынан арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Айта кету керек, қазіргі күні облыс шаруашылықтары егін жинау науқаны бойынша ерте егілген дақылдарды жинау жұмыстарын толық аяқтады. Бүгінде 4,3 мың га күздік бидайдан 7 мың тн өнім жиналса, 4,4 мың га жаздық бидайдан 3,2 мың тн өнім жиналған. Ал, 365 га арпадан 209 тн өнім алынды. Ал, аудандармен бірлесіп алдын ала жасалынған кестеге сәйкес, 25 тамызынан күріш жинау басталса, 10 қазанда аяқтау жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: