Орталық сайлау комиссиясы 5 қарашада өтетін облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әкімдерін сайлауда кандидаттарды ұсыну тәртібін жариялады, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.
Комиссия мүшесі Константин Петровтың айтуынша, үміткерлерді саяси партиялар ұсына алады. Әрбір партияға бір сайлау округында бір ғана кандидатты ұсынуға рұқсат беріледі. Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындар өзін-өзі ұсыну арқылы өз кандидатураларын шығара алады.
«Ол үшін дәл сол окруқта тұратын сайлаушылардың кем дегенде 1 процент қолын жинау керек. Ал кандидаттар болмай қалса, я болмаса, бір ғана үміткер тіркелген жағдайда әкім бір немесе екі адамды ұсына алады. Алайда бұған дейін ауыл әкімдерін сайлау кезінде ондай норманы еш жерде қолданған жоқ», – деді Петров комиссияның бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бүгін Орталық сайлау комиссиясы 3 облыстық маңызы бар қала мен 42 аудан әкімін пилоттық режимде сайлауды ұйғарды. Сайлау 5 қарашаға белгіленіп отыр.
Кандаттарды ұсыну 16 қыркүйекте басталып, 5 қазанда аяқталады. Одан кейін барлығын тіркейді. Ал сайлау алдындағы үгіт-насихатқа 24 күн (10 қазан мен 4 қарашаның аралығы) беріледі. Ал сайлаудың қорытындысы бір аптаның ішінде 11 қазаннан кешіктірілмей жарияланады.
Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 16 наурызда жасаған жолдауында 2023 жылдан бастап пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды тапсырған болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!